Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)
  • Vk
  • YouTube
  • Twitter
  • Instagram

logo.png?_=1614839206

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ
"№ 60 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ" ШЖҚ МКК 

  • kz
  • ru
  • en
  • Все новости

    Тәуелсіздік мерекесіне орай 13 желтоқсан күні біздің мектепте 6 – сынып оқушылар арасында «Тәуелсіздік – Тәңір сыйы» атты өлеңдер оқу сайысы өтті.

    Тәуелсіздік мерекесіне орай 13 желтоқсан күні  біздің мектепте  6 – сынып оқушылар арасында «Тәуелсіздік – Тәңір сыйы» атты өлеңдер оқу сайысы  өтті.

    Шара барысында оқушылар  қазақтың белгілі ақындары Абай Құнанбаев, Мағжан Жұмабаев, Мұқағали Мақатаев сияқты және т.б. ақындардың өлеңдерін нақышына келтіре жатқа оқыды.  

    Шараның мақсаты: оқушыларды қазақтың ақын-жазушыларының шығармаларымен таныстыру, поэзияға деген сүйіспеншіліктерін  қалыптастыру; білімдерін тереңдету; заманауи қоғамдағы ұлттық құндылықтардың маңызы мен рөлін түсіндіру.

    Сайысқа қазақ және орыс сыныптары қатысты. 6 «С» сыныбы тақырыпқа сай керемет көрініс көрсетті. Оқушыларды дайындаған дарынды ұстаз Қыдырмолаева Б.Т.

    6 «В» сынып оқушысы Дюльгер Элиф өзі шығарған өлеңін оқып берді.

    Ал 6 «А», 6 «М» сынып оқушылары Эль-Шарави Дана, Сазонова Наталья өлеңді мемлекеттік тілде мәнерлеп оқыды.

    Өлең оқыған оқушыларды бағалау үшін әділ-қазылар алқасы жұмыс жасады. Сайыс барысында өлең оқуға қатысқан оқушылар ішінде ең жақсылары таңдап алынды.

    1-ші орын      Абылай Дария(6 «»), Стоева София (6 «Е»)

    2 – ші орын   Ергеш Аяулым (6 «Ә») , Ермаганбетова Ангелина (6 «Б»),   Дюльгер Элиф (6 «В»), Билялова Амира (6 «З»)

    3 – ші орын  Ғазиз Арайлан (6«Т»), Курмангалиева Амина (6 «Т»), Эль-Шарави Дана (6 «А»). 
    Мереке балаларға өте ұнады. Оқушылар  арасында осындай шараларды жиі өткізудің маңыздылығы атап өтілді. Мерекелік сайысты дайындаған ұстаздарға да  Масугутова С.А., Баяхметова Д.Ж алғысымызды білдіреміз.













    13.12.2019
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    БалағаЛайық

    Полезные ссылки