Тәуелсіздік мерекесіне орай 13 желтоқсан күні біздің мектепте 6 – сынып оқушылар арасында «Тәуелсіздік – Тәңір сыйы» атты өлеңдер оқу сайысы өтті. Шара барысында оқушылар қазақтың белгілі ақындары Абай Құнанбаев, Мағжан Жұмабаев, Мұқағали Мақатаев сияқты және т.б. ақындардың өлеңдерін нақышына келтіре жатқа оқыды. Шараның мақсаты: оқушыларды қазақтың ақын-жазушыларының шығармаларымен таныстыру, поэзияға деген сүйіспеншіліктерін қалыптастыру; білімдерін тереңдету; заманауи қоғамдағы ұлттық құндылықтардың маңызы мен рөлін түсіндіру. Сайысқа қазақ
2019 жылы 15 қарашада мектепте мектепішілік пәндік олимпиада жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Мектепішілік кезеңіне 223 оқушы қатысты. Оның ішінде 137 оқушы жүлделі орындарға ие болды: 36 бірінші орынға, 43 екінші орынға, 58 үшінші орынға. Олимпиада жеңімпаздары аудандық кезеңінде жүлделі орындар үшін жарысады. Сәттілік тілейміз!!!
Бүгін 2019 жыл 6 қарашада Нұр-Сұлтан қаласындағы №60 мектеп-лицейінде 5-7-сыныптар арасында жалпы республикалық «Адалдық сағаты» өтілді. «Адалдық сағатының» мақсаты – жас ұрпақтың бойына Отанға деген, туған жерге, ата-анаға, достарына деген адалдық қасиетін қалыптастыру, оқушыларға адамгершілік-ізгілік тәрбиесін беру. «Бәріне қанағат қыл да, адал еңбек қыл» деп Шәкәрім Құдайбердіұлы айтқандай, халқымыз ежелден тура жолмен жүруді жөн көрген. Ұлы ақын Абай «Адал еңбекпен мал іздемек – ол арлы адамның ісі» деп бекер айтпаса керек. Қазақ ұлтымыз ар-ұятты, адалдықты
Нұрсұлтан қаласы №60 мектеп-лицейінде қыркүйек айының 18 күні Қазақстан халқы тілдерінің ХХI фестивалі аясында «Мемлекеттік тіл-рухани жаңғыру тілі» атты мерекенің ашылу салтанаты өтті.Күй ойналып, домбыра тартылып,би билеп және оқушыларымыз өз туған қазақ,түрік,ұйғыр,татар,орыс тілдерінде құттықтау сөздерін бейнетаспа арқылы жеткізді. Осы мереке төңірегінде лицейімізде біршама іс-шаралар атқарылды. «Тіл-рухани қазына» тақырыбында қабырға газеттері шығарылды.2-4 сыныптар арасында Абай Құнанбайұлының табиғат көрінісі бойынша суреттер салынды.5-6 сыныптар арасында «Өлең
19 наурыз күні №60 мектеп-лицейінде Наурыз мерекесі өтті.Көктем мерекесі табиғаттың оянуы, сүйіспеншілікке толы, жаңа қалаудың орындалуына сенім мен үміт сыйлайды.Наурыз - біздің халқымыздың ғасырлар бойы тамырға сіңіп біткен мерекесі, жаңа жылдың бастауы, бірлік пен гүлденудің мерекесі. Оқушылар этноауылдарды, концерттік нөмірлерді, Қазақстан халқының салт-дәстүрімен таныстырды.
8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Астана қаласы №60 мектеп-лицейінде 6-7 сынып оқушыларының қатысуымен «Көктем аруы-2019 » атты арулар байқауы өткізілді. Бұл байқаудың наурыз мерекесі қарсаңында өткізілу мақсаты: Қыздарымызды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік т.б. негізінде тәрбиелеу. Әр қыз баланы парасатты, жан-жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу. Табиғат сыйлаған қасиеттерінің ашылуына көмектесу. Еліміздің ертеңі мына жас ұрпақтың қолында. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, бүгінгі қыз –