Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)
  • Vk
  • YouTube
  • Twitter
  • Instagram

logo.png?_=1740313070

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ
"№ 60 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ" ШЖҚ МКК 

  • kz
  • ru
  • en
  • Все новости

    Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай 2-сыныптардың арасында табиғат лирикасы тақырыбында суреттер сайысы өтті

    Нұр-Сұлтан қаласы №60 мектеп-лицейінде ақпанның 12-і күні Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай 2-сыныптардың арасында табиғат лирикасы тақырыбында суреттер сайысы өтті. Оқушылар жасырынған суреттерді таңдап, Абай атамыздың табиғат лирикасына арналған өлеңінен үзіндіні оқып, сол өлең бойынша сурет салды.

    2-сыныптың оқушылары бар ынталарымен, қызығушылығымен, тақырып мазмұнын аша білді. Барлық сайысқа түскен оқушылар мүдірместен үзіндіні оқып отырып, Абай Құнанбайұлының қай өлеңі екенін тауып,жалғасын жатқа айтты. Бұл 2-сынып оқушыларының Абай атамыздың шығармаларымен жақын таныс екенінің көрінісі! Сайысқа дайындап әкелген мұғалімдерге алғысымызды білдіреміз!

      Оқушылардың арасынан шығармашылығымен ерекше көзге түскен оқушылар: Слямова Ажар 2 «Т» сынып, Құрманәлі Айзере 2 «Т» сынып, Жиенбек Назерке 2 «Қ» сынып, Капишева Айлан 2 «Ғ» сынып, Ералы Назерке 2 «С» сынып.

    Жауапты мұғалімдер: Избастинова Арман-гүл Бауыржанқыз, Мусина Нурия Низамудтеновна







    12.02.2020
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    БалағаЛайық

    Полезные ссылки