Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)
  • Vk
  • YouTube
  • Twitter
  • Instagram

logo.png?_=1740313070

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ
"№ 60 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ" ШЖҚ МКК 

  • kz
  • ru
  • en
  • Все новости

    «Мемлекеттік тіл-рухани жаңғыру тілі» атты мереке өтті

    Нұрсұлтан қаласы №60 мектеп-лицейінде қыркүйек айының 18 күні Қазақстан халқы тілдерінің ХХI фестивалі аясында «Мемлекеттік тіл-рухани жаңғыру тілі» атты  мерекенің ашылу салтанаты өтті.Күй ойналып, домбыра тартылып,би билеп және  оқушыларымыз өз туған  қазақ,түрік,ұйғыр,татар,орыс тілдерінде құттықтау сөздерін бейнетаспа арқылы жеткізді. Осы мереке төңірегінде лицейімізде біршама іс-шаралар атқарылды. «Тіл-рухани қазына» тақырыбында қабырға газеттері шығарылды.2-4 сыныптар арасында Абай Құнанбайұлының табиғат көрінісі бойынша суреттер салынды.5-6 сыныптар арасында «Өлең –сөздің патшасы,сөз сарасы...»мәнерлеп жатқа оқу байқауы өтті.Сонымен қатар 7-8 сыныптар арасында Абайдың қарасөздері жатқа мәнерлеп айтылды.9,10,11 сынып оқушылары А.Құнанбайұлының он тоғызыншы қарасөзіндегі естілік пен білімділік әдеби-дәлелдеме эссе жазды.Мұғалімдер арасында латын әліпбиі бойынша жазбаша жұмыс жүргізілді..10,11 сынып оқушыларымен А.Байтұрсынов латын әліпбиінің негізін салушы зияткерлік ойын өтті..Лицейіміздің кітапханасында «Тіл- рухани қазына» атты көрме ұйымдастырылды.Өзге де ағылшын,орыс тілі мамандарының ұйымдастырылуымен «Путешествие в страну языков» деген тақырыпта қызықты квест өткізілді.Оқушыларымыз қалалық байқауға қатысып, М.Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» өлеңін жатқа мәнерлеп оқудан жүлделі I орынды Бондаренко Алина иеленді. Бүгін яғни 27 қырқүйекте Қазақстан тілдер мерекесінің жабылу салтанатты өтті.Болашақта үлкен тәрбиелік мәні зор осындай іс-шаралар лицейімізде өз жалғасын таппақ.




    0












    27.09.2019
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    БалағаЛайық

    Полезные ссылки