Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)
  • Vk
  • YouTube
  • Twitter
  • Instagram

logo.png?_=1614839206

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ
"№ 60 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ" ШЖҚ МКК 

  • kz
  • ru
  • en
  • Все новости

    Байқау «Көктем аруы - 2019» 

    8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Астана қаласы №60 мектеп-лицейінде 6-7 сынып оқушыларының қатысуымен «Көктем аруы-2019 » атты арулар байқауы өткізілді. Бұл байқаудың  наурыз мерекесі қарсаңында өткізілу мақсаты: Қыздарымызды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік т.б. негізінде тәрбиелеу. Әр қыз баланы парасатты, жан-жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу. Табиғат сыйлаған қасиеттерінің ашылуына көмектесу.

    Еліміздің ертеңі мына жас ұрпақтың қолында. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, бүгінгі қыз – ертеңгі ана. Сол себептен ұлтымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын олардың бойына сіңіріп өсіру – басты мақсатымыз. Сондықтан осы байқауда қыздарымыз көп біліп, өз білімдерін көтереді деп ойлаймын.

    Сайысқа қатысқан қыздарымыз бойындағы нағыз қазақ қызына тән қасиеттерін байқау барысында бар мүмкіндіктерінше көрсете білді. Сайыс мынадай кезеңдермен ұйымдастырылды.

    1. «Өзге емес,өзім айтам өз жайымды» өзін-өзі таныстыру барысында аруларымыз өздерін сөзбен, өлеңмен, әнмен таныстырды.
    2. «Өнер өрге жетелейді» өз өнерін көрсету кезеңінде аруларымыз өз өнерлерін ортаға салып, көрермендерді бір серпілтіп тастады.
    3. «Зерделінің ойы озық» – деп аталатын бұл кезеңде, әр аруға сұрақтар қойылды. Бұл кезеңде де аруларымыз өз ойларын жинақтап, білімдерін көрсете алды.
    4. «Қыздарға әсемдік жарасады»  киім үлгісін көрсету кезеңінде, қыздарымыз сыртқы бейне арқылы өздерінің нағыз қазақ қызына лайық екендерін дәлелдеп берді.

    Байқауға әділ бағасын беретін қазылар алқасы төрелік етті. Қазылар алқасының мүшесі мектеп басшысы  Дюсенова  Айман Жұмағалиқызы. Оқу ісі жөніндегі орынбасары Муханбедина Эльмира Михайловна. Оқу ісі жөніндегі орынбасары Сарсекулова Ақбота Оралбаевна. Сайыс кезеңдері арасында 5 «Т» сыныбы оқушылары  флешмоб  биледі. 5 «Ә» сыныбы оқушылары флешмоб биледі. 5 «Қ» сынып оқушысы Құралова Тоғжан «Dask Till Dawn» әнін ағылшын тілінде орындады. 5 «Ғ» сынып оқушысы Амантай Нұрай мен Оразова Асель «Көңілді күн» әнін шырқады. 5 «С» сынып оқушысы Аминева Камила «Күзгі әуен» күйін  қобызбен орындады. Байқауға қатысқан барлық сыныптардың жанкүйерлері қолдап, қолпаштап отырды. Байқау бойынша бас жүлдені 6 «Ғ»  сыныбы  оқушысы Абулкадырова Медина иемденді. 1-ші орынды 7 «Қ» сынып оқушысы Кажыгалиева  Эльдана, 2-ші орынды 7 «Ғ» сынып аруы Еркеғали Жібек, 3-ші орынды  6 «Ә» сынып аруы Ауғанбек Гүлназ, 6 «М» сынып оқушысы Габдсаттарова Жұлдыз қанжығасына байлады.Болашақта инабатты да ибалы, қылықты қыздарымыз көбейе берсін!



    08.03.2019
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    БалағаЛайық

    Полезные ссылки