Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)
  • Vk
  • YouTube
  • Twitter
  • Instagram

logo.png?_=1614839206

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ
"№ 60 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ" ШЖҚ МКК 

  • kz
  • ru
  • en
  • Все новости

    Халықаралық әйелдер күні - 8 наурыз мерекесі құтты болсын!

    Құрметті Ханымдар!

    Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні – шуақты көктемнің ең ізгі, мейірім мен сүйіспеншілікке толы мерекеңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
    Көктемнің осы бір ерекше күнінде ерен еңбектеріңіз, даналық пен төзімділіктеріңіз үшін, қамқорлықтарыңыз бен мейірімге толы жүректеріңіз үшін алғысымды білдіреміз.
    Қазақ әйелі – ең әуелі, ардақты ана, отбасының сақтаушысы болып отыр. Ол дүниеге әкелген перзенттеріне тәлім-тәрбие беру жолында жан жылуымен жүректегі мейрімін аяған емес. Балалар біздің болашағымыз десек, аналарымыз сол жасұрпақтың бойына адалдық, шыншылдық, адамгершілік, имандылық пен отансүйгіштік деген асыл қасиеттерді дарытып жүр.
    Сіздерге шын жүректен бақыт пен мейірім, татулық пен келісім, отбасы берекесі мен мықты денсаулық тілейміз. Мерекеңіз құтты болсын!


    Кетті қысқы ызғар, 
    Еріп жатыр мұздар. 
    Мерекеңіз бүгін, 
    Қызғалдақтай қыздар!

    Болса да өзге жүрек, 
    Адамға адам – тірек. 
    Сіздерге айтар мынау, 
    Мерекелік тілек:

    Карау жүрсін қашық, 
    Алшы тұрсын асық. 
    Берекесін берсін, 
    Сіздер еткен кәсіп!

    Әр таңдарың атқан, 
    Бақыт берсін батпан. 
    Кұрастырсын құдай, 
    Табысынды тапқан!

    Ізгі тілекпен №60 мектеп-лицейінің ерлер ұжымы






    07.03.2019
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    БалағаЛайық

    Полезные ссылки